Өлім жазасына кесілген сүннит белсендісінің сұхбаты қалыпты (ВИДЕО)
|
Естеріңізде болса, осыдан екі күн бүрын Иранда 21 саяси тұтқынның өлім жазасына кесіліп, қаза тапқаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Олардың бәрі де сүнниттер екенін де айта кеткенбіз. Солардың бірі Шаһрам Аһмедидің өлім жазасы үкімі орындалардан бірнеше күн бұрын құқық қорғаушылардың көмегімен билік өкілдеріне білдіртпей телефон арқылы сұхбат бергені белгілі болды. «Мен Шаһрам Аһмеди 1987 жылы туып, діндар отбасында тәрбиелендім. Мен – Күрдістан провинциясының астанасы – Санандаж қаласының тумасымын, ұлтым – күрд. 2009 жылы аятолла Хаманейдің Санандаж қаласына сапары қарсаңында мені абақтыға жапты. Санандажа және Зенджананың арнайы қызметінің түрмесінде 33 ай жаттым» дей келе ол Хаманейдің шиттер мен сүнниттер арасында алауыздық тудырып, араздық қоздырғандарға қарсы пәтуа шығарғанын тілге тиек етті. Осының алдында ғана шиит қайраткерлерінің сүнниттердің діни символдарын келеке еткені турасында хабар тараған болатын. «Осыдан кейін бірнеше күн өткен соң мені тұтқындады. Алты айдан кейін інімнің қолына кісен салды... 40 айдан соң маған үкім шығарды, сот отырысы бар-жоғы бірнеше минутқа қана созылды. Онда мені қорғауға мүмкіндік те берілген жоқ». «2012 жылы бауырыма өлім жазасы кесілді. Ол кезде оның жасы 18-ге де толмаған еді». Осылай дей келе өздеріне тағылған негізсіз айыпты (мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалу, Алла мен Оның елшісіне (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) қарсы шыққан, т.б.) мойнына алуымыз үшін өздерін түрмеде азаптағанын да жайып салды.