Өлім жазасы алдында сүйікті асын үйсіз-күйсіздерге садақа етті
Өлім жазасы алдында сүйікті асын үйсіз-күйсіздерге садақа етті
6 жыл бұрын 3039 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ түрмелерінде өлім жазасына кесілгендерге өмірінің соңғы сәтінде сүйікті асын ұсынатын дәстүр бар. Аталған елдің Теннеси штатындағы түрмеде өлім жазасына кесілген Дон Джонсон (Don Johnson) есімді ер адам бұл мүмкіндікті пайдаланбай, өзі қалаған асты үйсіз-күйсіз жүргендерге садақа етті. Бұл жайында америкалық Fox News ақпарат көзі хабар таратты. Оның жаза үкімін орындау уақыты мамыр айының 16-на тағайындалған еді. Оған құны 20 доллардан аспайтын өзі қалаған тағамға тапсырыс беруге болатыны айтылды. 68 жастағы қылмыскер өлім алдында өзінің сүйікті асымен тамақтанғанынан ешқандай мән көрмейтінін жеткізді. (Ажалы жақындаған адамға қалай ас батсын!) Дон Джонсон 1984 жылы әйелін өлтіргені үшін тұтқындалған болатын. Өткен жылы Жапонияда өлім жазасына кесілгендердің өмірінің соңғы сәттерінде жейтін асын дайындайтын арнайы мейрамхана да ашылғанын айта кету керек "Нинген" деген атпен. 

0 пікір
Мұрағат