Өлген адамның ағзаларын алу туралы заң шығады
Өлген адамның ағзаларын алу туралы заң шығады
10 жыл бұрын 3811

Сенатор Антон Беляков Мемлекеттік Думаға адам қайтыс болғаннан кейін оның ағзаларын донор ретінде пайдалануға қатысты азаматтардың келісімін алу жөніндегі заң жобасын енгізді. Сенатордың сөзіне қарағанда, азаматтардың бұл мәселеге қатысты келісімі олардың құжаттарында (айталық, төлқұжатында, жүргізушілік куәлігінде, әскери билетінде, әмбебеп электронды картасында, сақтандыру полисінде, т.б.) көрініс табуы керек. Сондай-ақ, ол мұндай келісім көрініс табатын құжаттар тізімін үкімет ұсынуы тиістігін алға тартты. Антон Беляковтың түсіндіруінше, бұл қадам донор іздеп сабылатын медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге, ауру айналдырған талай адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізер еді. АҚШ-пен немесе Еуропа елдерімен салыстырғанда Ресей Федерациясында адам ағзасын қондыру (трансплатация) оталары аз жасалады. Ауруынан айығудан үміті үзілгендердің арасынан салыстырмалы түрде алғанда 100 адамның тек алтауына ғана донор табылады екен.

1 пікір
  • Иә, АҚШ-та көлік жүргізу куәлігінде тұрады. Негізі мұсылмандарға солай істеуге бола ма ?
    10 жыл бұрын
Мұрағат