Ол өзін алғашқы әйел пайғамбармын деп жариялады
Ол өзін алғашқы әйел пайғамбармын деп жариялады
9 жыл бұрын 4332

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар өз дәуірінде өзінен кейін көптеген өтірікші пайғамбарлар келетінін баяндап кеткен еді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзі қашанда шындыққа айналатынына ешкім күмән келтірмейді. Көпшілік куә болғандай, соңғы уақытта өтірік пайғамбарлар саны көбейіп келеді.

Солардың бірі өз қандасымыз түркістандық 51 жастағы Нұрәлі Әмірәлиев есімді азамат Алла Тағаламен тікелей тілдескен үшінші пайғамбармын деп, биліктен өзін мойындауын талап еткен еді.

Ал, иемендік Сайда Сурая есімді азаматша өзін Алла тарапынан пайғамбар етіп жіберілген алғашқы әйелмін деп, айды аспаннан шығарды.

Сайда Марокко еліне барған сапарында кенеттен аспаннан уахи түсіп, Алла үкімін халыққа насихаттауға бұйырылдым дейді. Сондай-ақ, уахи түсу арқылы Алла маған қасиетті жазбалар берді, әйелдердің арасынан елші етіп алғаш рет мені жіберді дейді ол.

Айта кетейік, 50-ді еңсерген Сайда  Сурая – Иемендегі беделді жазушылардың бірі. Ол философия және тарих саласы бойынша көптеген еңбектер жазған.

1 пікір
  • жазушы болса оз алдына жазушыгой!ози билмитин шыгар не айтып жургенин!АЛЛА САКТАСЫН мундай отирикши адамдардан!еси ауысайын деген шыгар елуге келсе!
    9 жыл бұрын
Мұрағат