Обаманың Иран дін лидеріне жазған құпия хаты әшкере болды
Обаманың Иран дін лидеріне жазған құпия хаты әшкере болды
10 жыл бұрын 4560

АҚШ президенті Барак Обама қазан айының ортасында Иранның діни лидері Аятолла Әли Хаманейге жасырын, құпия хат жолдаған екен. Бұл хатта не жазылғаны белгілі болды.

«Wall Street Journal»-дың хабарлауынша, хатта Обама Хаманейді ИСИМ-ге қарсы тізе қосып, бірігіп күресуге шақырыпты. Бірақ, хатта бұл ұсынылып отырған ынтымақтастық қарашаның 24-і күні ядролық бағдарламаға қатысты халықаралық «алтылықпен» болатын келіссөзге Иранның қол қоюына байланысты екені айтылған.

Арадағы мұндай құпия хаттың алмасуы осымен төртінші рет екен. «Wall Street Journal» газетінде жарияланған мақалада бұл АҚШ-тың Иранды маңызды әлеуетті ойыншы ретінде мойындайтынын көрсететіні жазылған.

Тағы басқа бұқаралық ақпарат құралдарында Обама мен Хаманейдің жасырын хат алмасуларын АҚШ-тың одақтастары болған Араб өлкелері мен Израильдің шамына тиіп кетпесі үшін екені жазылған. Себебі, хатта Обама шииттерді батыстың ұғымындағы «сунниттерге» қарсы күресуге шақырып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат