|
Нью-Йоркте иттерге мейрамханада тамақтануға ресми түрде рұқсат берілді
|
Нью-Йоркте иттерге мейрамханада тамақтануға ресми түрде рұқсат берілді, - деп хабарлайды The Huffington Post. Сәйкес заң жобасына қала басшысы Эндрю Куомо қол қойды. Айта кетейік, заң күшіне еніп қойды.
Жаңа заң иттерге қожайынымен бірге мейрамханаларда болуға және адамдармен бірге тамақтануға рұқсат береді. Алайда заң мәтінінде мейрамхана егесінің жануарларды мекемеге кіргізу-кіргізбеуін өзі шеше алатыны жайлы жазылған.
Губернатор жаңа заңның керісінше мейрамхана иелеріне пайдалы болады деп есептейді. Куомоның пікірінше, олар итімен бірге үйінде отырып тамақтанатын клиенттерді тарта алады. Бірақ қалалық денсаулық сақтау бөлімі болса заң жобасына қарсы шықты, олар мұндай жағдайда тазалықтың болмайтынын айтып, дабыл қағып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)