Нью-Йорк мұражайы көрмеден адам қаңқаларын алып тастайды
Нью-Йорк мұражайы көрмеден адам қаңқаларын алып тастайды
1 жыл бұрын 1139 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарындағы жаратылыстану мұражайы тұрақты көрмеге қойылғандардан 12 мың адам қаңқасы мен адам қаңқасының сүйегінен қашалған бұйымдарды алып тастауға шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы nytimes.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамгершілікке жат деп санағандықтан. Қазіргі уақытта мұражайда кезінде құлдық қамыты кигізілген қара нәсілділердің, сондай-ақ, Нью-Йорк мегаполисінде ХХ ғасырда өмірден озған адамдардың қаңқалары тұр. Бұдан бөлек, Америка құрлығының байырғы тұрғындарының мыңнан аса қаңқасы кездеседі. Бұл қаңқалар кезінде құл ретінде қара жұмысқа жегілгендерге, зорлық-зомбылықтан көз жұмғандарға, т.б. тиесілі. Сондай-ақ, ғалымдар адам қаңқаларын ақ адамдардың нәсілдік тұрғыдан артықшылығын, ақ нәсілділердің асыл тектілігін  дәлелдеу мақсатында зерттеу үшін пайдаланғанын да айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат