|
NVIDIA нарықтағы капиталы 5 трлн доллардан асқан әлемдегі алғашқы компанияға айналды
|
Америкалық NVIDIA технологиялық (жартылай өткізгіштер) компаниясы күллі әлем бойынша нарықтағы капиталы алғаш рет 5 трлн доллардан асқан компания атанды. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Wall Street Journal мерзімді басылымы бұл оқиғаны жасанды зерденің нарық пен экономикаға тигізер әсерінің артқанын бейнелейтін соңғы тармақ” деп атады. Қазан айының 29-шы күні (жергілікті уақыт бойынша) NVIDIA акцияларының бағасы Нью-Йорктегі сауда-саттықта 4% -дан асқан, нәтижесінде оның нарықтық капиталы 5 триллион доллардан асты. NVIDIA алғаш рет өткен жылдың наурыз айында 2 трлн долларды еңсеріп, арада 66 күннен кейін 3 трлн долларға жетті. Шілде айында капиталы 4 триллион доллардан асатын алғашқы компания атанса, NVIDIA үш айдың ішінде жаңа рекорд орнатты. Financial Times: «NVIDIA акциялары соңғы алты айда 90% -дан асты”, деп жаһанға жар салды. NVIDIA-ның акциялары шамамен 5% -ға өсуіне байланысты нарықтық капиталы екі күн бұрын 200 млрд долларда аса ұлғайғанын айта кетпекпіз. Бұл жайт аталмыш компанияның бас директоры Женсен Хуангтің компанияның келесі бес тоқсан ішінде жасанды зерде чиптеріне қатысты тапсырыс үшін 500 миллиард доллар сомасына келісімшарт жасағаны туралы хабарландыруынан кейін орын алды.