Норвегияның мұнай қорының табысы 1 трлн доллардан асты
|
Норвегияның мемлекеттің мұнай табысы есебінен толықтырылатын мемлекеттік зейнетақы қоры тарихта табыс табудан рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл жайында аталмыш қордың инвестициясын қадағалайтын норвегиялық орталық банк мәлім етті. Жарты жылдың қорытындысы бойынша қордың табысы 6,46%-ды немесе 499 млрд кронды (қазіргі бағам бойынша 63,2 млрд долларды) құрады. 1996 жылы құрылған аталмыш қор активтерінің жалпы мөлшері тұңғыш рет 1 трлн доллардан асты. Оның жартысы мемлекеттен, ал қалған жартысы сәтті инвестициялау нәтижесінде түсті. Ашылғанына 21 жыл өткен аталмыш қорды басқаратын Норвегияның орталық банкі елдің әр азаматы үшін 95 мың доллар пайда көрді. Аталмыш қордағы барлық қаражат - әр норвегтік азаматқа 191 мың доллардан айналады. Аталған қор мұндай бас айналдырар табысқа қалай қол жеткізді? 2017 жылы орын алған жетістік жаһандық қор нарығындағы раллидың арқасында болды. АҚШ, Еуропа, Жапония компанияларының акцияларына және дамушы нарықтарға 1998 жылдан бастап инвестиция құя бастады. Қазіргі уақытта мұндай салым активтерден 65%-ға жетті, ал табыстылығы жарты жылдың ішінде 9,09%-ды құрады. Екінші жетістік жылжымайтын мүлікпен байланысты: оған бар-жоғы норвегиялық мқнай резервінің 2,5% салынғанына қарамастан бұл инвестициядан түскен табыстылық 2,69%-ды құрады. Десе де Норвегияның орталық банктің инвестициялық бөлімшесі басшысының орынбасары Тронн Грандтың айтуынша, мұндай жетістіктің енді қайталанбауы да мүмкін. Бәрі сәтті инвестицияның арқасы екенін жеткізді ол. Жетістікке жетуге, ең бастысы, қордағы қаражаттың молдығы себеп болған. Бұл қор әлемдегі акцияның 1,3%-на ие болып отыр. Айта кетейік, норвегия мұнай өндіруден әлемде екінші орын алады - жылына жан басына шаққанда 9,8 мың доллардан айналады. Бұл ел Катарды ғана алға оздырған: Катарда бұл көрсеткіш 10,2 мың доллардан айналады.