Норвегияда қайыр берген адам түрмеге отырады
Норвегияда қайыр берген адам түрмеге отырады
10 жыл бұрын 3777

Норвегияда қазіргі уақытта көшеде жүргіншілердің мазасын алып, алақан жайғандарға қайыр бергендерге қатаң жаза қолданылатын заң жобасын қарастырылып жатыр. Норвегияның әділет министрлігі бұл заң қабылданатын болса, қайыр бергендер 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Әуел баста тіленшілікті кәсіп еткендердің жолын кесу үшін қолға алынған бұл шараның шын мұқтаждарға кесірін тигізетінін айтып, аталмыш заң жобасын сынға алғандар да бар. Олардың айтуынша, тіленшілікті пайда көзіне айналдырғандармен күресу үшін қолға алынған бұл шараның шикі әрі олқы тұстары көп. Екі ортада шын мұқтаж жандар қосақ арасында кетіп қалуы мүмкін. «Тіленшілік – әлеуметтік мәселе, кедейшілік мәселесі, қылмыстық іс емес», - деп мәлімдеме жасады адам құқығы жөніндегі Еуропа кеңесінің комиссары Нилс Муйжниекс. Естеріңізге сала кетейік, бұл елде тіленшілікке қарсы заң бұрын да болған. Дәлірегі, 2005 жылға дейін қолданыста болған. Ел билігі ендігі жерде тіленшілікпен ешкім айналыспайды деген оймен аталмыш заңның күшін жойған еді. 

0 пікір
Мұрағат