Нобел сыйлығының иегерлері Ауғанстанның ақшасын қайтаруды талап етті
Нобел сыйлығының иегерлері Ауғанстанның ақшасын қайтаруды талап етті
2 жыл бұрын 1114 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың және өзге елдердің бірнеше көрнекті экономистері АҚШ билігінен Ауғанстанның Орталық банкісіне тиесілі 7 млрд долларды бұғаттан босатуды талап етті. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз Ауғанстанға төніп келе жатқан экономикалық және гуманитарлық апаттар мен АҚШ-тың бұған себеп болып отырғанына қатты алаңдаулымыз»,- деп айтылған Ақ үй қожайыны Джо Байден мен қаржы министрі Джанет Йеллен жолданған хатта. «Шетелдегі қорын басқару мүмкіндігінен айырылған Орталық банк өзінің негізгі міндеттерін орындай алмайды. Орталық банк жұмыс істемесе, ауған экономикасы ерте ме, кеш пе, құлайды»,- деп айтылған хатта. Бұл хатқа 77 ғалым қол қойған екен. Олардың арасында экономика саласы бойынша екі Нобел сыйлығының иегері бар: Джозеф Стиглиц (АҚШ) және Йианис Баруфакис (Грекия). Аталған хат авторларының айтуынша, экономикалық белсенділіктің төмендеуі мен америкалық контингенттің ауған аумағынан шығарылуына байланысты халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін жәрдемнің азаюы өз кезегінде ел тұрғандырының 70 пайызын тақыр кедейге айналдырған. Олар, тіпті, ең қажетті нәрселердің өзіне қол жеткізе алмайды. Дәлірегі, 22,8 млн адам (яғни, ел тұрғындарының жартысынан көбсі) тойып тамақтанбайды, 3 млн бала ашқұрсақ өмір сүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат