Н.Назарбаев: Экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болады
Н.Назарбаев: Экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болады
9 жыл бұрын 3136 inform.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында терроризм мен діни экстремизмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу мәселесіне де тоқталды. 

«Бүгінде шұғыл міндеттердің бірі - терроризмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу», - деді Н.Назарбаев.

«Әлемдік өркениеттер мен негізгі діндердің бесігі болған ежелгі Месопотамия жері бүгінде аяусыз бүлініп, тонауға түсті. «Ислам мемлекеті» деген атты жамылғандар Таяу Шығыстың бірегей тарихи-мәдени мұрасына орны толмас зиян келтіруде. Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін батыл айыптайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсынамыз», - деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті ислам радикализмімен күрес кезінде оны бейбітсүйгіш исламмен шатастырып алмау маңызды екені, ал экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болатынын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, біздің ел ұсынған «Ислам терроризмге қарсы» атты форум нақ осы мақсатқа бағытталған.

0 пікір
Мұрағат