|
Никаб кигендерге 1 мың доллар мөлшерінде айыппұл салады
|
Швейцария аумағында бұдан былай никаб кигендер мен бүркеніп жүргендерге аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәрі құрлықтағы аталған ел паламентіне бұл бастаманы министрлер кабинеті енгізген. Аталмыш заң жбасында көзделген талаптарға сәйкес қоғамдық орындарда бет-жүзін жасырғандарға 1 мың доллар мөлшерінде айыппұл салынады. Алайда, бұл тыйым ұшақтағы жолаушыларға, елшілік корпусындағыларға салынбайды. Өйткені, мұсылман елдерінің дипломатиялық қызметіндегілерге дипломатияға қатыст халықаралық нормаларға байланысты мұндай тыйым сала алмайды. Сондай-ақ, медициналық маска тағуға да тыйым салынбайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...