|
Нигерияның жоғарғы соты мектеп оқушыларының хижабына кепілдік берді
|
Нигерияның жоғарғы соты мемлекеттік мектептердегі хижабқа қатысты қоғамда қызу талқы тудырған талас-тартысқа нүкте қойды: мұсылман оқушы қыздарға мектеп қабырғасында хижабпен жүруіне кепілдік берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Premium Times дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығындағы аталған елдің жоғарғы сот инстанциясы Әсия Әбдікәрім есімді мұсылман оқушының Лагос штатының билігіне шағымын қарастыра келе мемлекеттік мекемелерде хижабқа тыйым салуды дін белгісі бойынша кемсітушілік деп таныды. Дәлірегі, мұндай тыйымды ннаным-сенім бостандығына кепілдік беретін конституция нормасына қайшы келеді деп таныды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)