Несие бойынша мөлшерлемені автоматты түрде төмендетуге мүмкіндік беретін заң жобасы қарастырылады
Несие бойынша мөлшерлемені автоматты түрде төмендетуге мүмкіндік беретін заң жобасы қарастырылады
1 сағат бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясынығң мемлекеттік думасы биыл орталық банк белгілейтін негізгі мөлшерлемені төмендеткен жағдайда банктерді несие бойынша мөлшерлемені автоматты түрде түсіруге мәжбүрлейтін заң жобасын қабылдауды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Известия» мерзімді басылымына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы тұста Ресейде коммуналдық қызмет ақысы, өзге де тарифтер көтеріліп жатыр. Макроэкномикалық көрсеткіштер құлдырап, міндетті шығындар артып келеді. Санкция мен экономикалық шектеулерден тұтынушылардың сатып алу қабілеті көп төмендеп кеткен. Бүгінде ресейліктер өзі қалаған нәрсесін сатып алу былай тұрсын, енді негізгі қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік беретін шығындарды төлеудің өзі мұңға айналған. Сол себепті, мұндай заң жобасы халыққа түскен ауыртпалықты азайтып, біршама жеңілдік береді. 

0 пікір
Мұрағат