Несие беруші банктердің табысына салық салынады
Несие беруші банктердің табысына салық салынады
2 жыл бұрын 1213 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израил парламенті (Кнессет) қабылдаған заң талаптарына сәйкес егер банктің пайыздық кірісі пайыздық шығыстардан 1,5 есе артық болса, үстеме салық алынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде calcalist.co.il дерек көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің қаржы министрі Безалел Смотрихтің өткен аптадағы банктердегі шектен тыс пайдаға салық салу туралы бастамасына Кнессет те, оппозиция да қолдау көрсетті. Аталмыш заң жобасына сәйкес егер банктің пайыздық кірісі (несие бойынша) пайыздық шығыстардан (банктің салымдар бойынша клиенттеріне төлейтін сыйақысы) 1,5 еседен асып кетсе, артық салық алынады. Бұл қаражат артық соманың 75%-ын құрайды (сома арасындағы айырмашылыққа, дәлірегі, несие сыйақысы мен депозит сыйақысы және нақты сома арасындағы 1,5 қатынасына негізделген). Бұл салық «Өмір сүру деңгейіне жәрдемдесу қоры» деп аталатын арнайы қорға аударылып, қордан түскен қаражат мемлекет атынан қызметтерді субсидиялауға және кепілдендірілген несие беруге жұмсалады. Экономика министрi Қаржы министрiнiң келiсiмiмен қордың жұмыс тәртiбiн және оның функцияларын айқындайды. Бұдан бөлек, несие пайызы есебінен түскен шектен тыс пайдадан алынған қаражат өмір сүру құнының өсуін тежеу немесе азайту үшін пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат