Немістер антисемитизммен қалай күресуде
Немістер антисемитизммен қалай күресуде
6 жыл бұрын 3394 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германияда тұратын еврейлерге тақияға ұқсас өздерінің ұлттық бас киімін кимеуге кеңес берді. Антисемитизммен күрес жөніндегі құзыретті федералды үкімет өкілі Феликс Кляйн. Бұл жайында Die Welt мерзімді басылымы хабар таратты. Феликс Кляйн еврейлерге қарата жасаған мәлімдемесінде неміс қоғамының дөрекілікке бой алдырғанын, сол себепті, антисемитизмнің өршіп кеткенін тілге тиек етті. Еуропада соңғы жылдары исламофобиялық дерт асқынып, антисемитизм етек алып келеді. Оның айтуынша, адамның назарын өзіне аударатын қандай да бір ұлттық немесе діни атрибуты бар киімдерді киюдің өзі қауіпті. Осылайша еврейлер тақиясымен өз басына қауіп тілеп алып жүр. Феликс Кляйнның сөзіне қарағанда, аталмыш ел аумағында еврейлерге оңшыл экстремистер жиі шабуыл жасайды. Содан кейінгі орында мұсылмандар тұр. Босқын мұсылмандар емес, бұрыннан Германияда тұратын мұсылмандар еврейлерге қырын қарайды. Елдегі еврейлерге мұндай кеңесті тек Феликс Кляйн ғана айтып қойған жоқ, сонымен қатар, Германиядағы еврейлер қауымының жетекшісі Йозеф Шустер де Мюнхен және Берлин секілді ірі қалаларда тақия киіп жүрмеуге шақырған болатын. 

0 пікір
Мұрағат