Неміс банкі ұйымдарға криптовалюта саудасы мен активтерді сақтау қызметтерін ұсынды
Неміс банкі ұйымдарға криптовалюта саудасы мен активтерді сақтау қызметтерін ұсынды
9 ай бұрын 1142 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Немістердің 377 миллиард еуро (395 миллиард доллар) мөлшеріндегі активі бар DekaBank инвестициялық банкі институционалды клиенттер үшін криптовалютамен сауда-саттық және цифрлы активті сақтау қызметтерін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg агенттігіне жөн сілтеген block-chain24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германияның Франкфурт қаласында орналасқан аталмыш компания федералды қаржылай бақылау басқармасынан (BaFin) криптовалютаны сақтауға лицензия алды әрі Еуропалық орталық банктің қадағалауымен жұмыс істейтін болады. Есепке сәйкес елдегі ең ірі Sparkassen-Finanzgruppe қаржылық қызметтер тобының активтерін басқарушы DekaBank бұл тарапта қауіпсіздік пен нормативтік талаптарды сақтауға ерекше көңіл бөлетінін мәлімдеді. Германияның жинақ банктерінің неғұрлым кең секторындағы криптовалюталар бойынша басқа да ұсыныстар айтылды. Landesbank Baden-Württemberg (LBBW) сияқты қаржы ұйымдары Bitpanda сияқты криптовалюталық платформалармен ынтымақтасады, осылайша корпоративтік клиенттер криптовалюталарды сатып ала алады және сата алады. Ал DZ Bank бастаған неміс кооперативтік банктері жылдың ортасына қарай жекелеген клиенттерге арналған криптовалюталық бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бастама Atruvia АТ-қызметтерін жеткізушімен және Штутгарт қор биржасымен бірлесіп іске асырылуда.

0 пікір
Мұрағат