Неке қиған адам тұтқындалды
Неке қиған адам тұтқындалды
5 жыл бұрын 2854 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның Ферғана полиция қызметкерлері шариғат талабы бойынша неке қиғаны үшін ер адамды жеті тәулікке, яғни, артық-кемі жоқ бір аптаға қамап тастады. Бұл жайында Daryo ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, некелескісі келгендер бірнеше имамға жолыққан екен. Алайда, олар мемлекеттік хал актілерін тіркеу органында тіркелмегені үшін олардың некесін қиюдан бас тартқан. Ақыры әкесі олардың некесін өзі қиған. Кейін полиция анықтағандай, некелескен ер адам басқа әйелмен некеде тұрған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, 2017 жылдың маусым айының 19-ы күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев тоқал алуға қарсы екенін айтып, тыйым салуды ұсынған болатын. 2019 жылдың маусым айында аталған елдің сенаты көп әйел алушыларға жазаны қатаңдатуды ұсынған еді.

0 пікір
Мұрағат