Науқас өзінің қалауын жеткізе алмаған жағдайда оның нақты келісімінсіз эвтаназия қолдануы мүмкін
|
Нидерландының бас прокуроры аталған елдің жоғарғы сотына науқас өзінің нақты келісімін білдіре алатын қабілетінен айырылған (мәселен, жанына батқан дерттен тілге келе алмауы немесе тілі күрмелген, есінен танған, т.б.) жағдайда дәрігерлерге эвтаназия қолдануға рұқсат беруге ұсыныс тастады. Яғни, Нидерландының бас прокуроры беті бері қараудан, яғни, ем қонбайтын, айықпайтын дертке шалдыққан пациетті одан ары емдеудің нәтижесіз болатындығын ескере отырып, оның нақты келісімінсіз эвтаназия қолдануды сұрап отыр. Былайша айтқанда, дәрігерлердің кәсіби-медициналық бағалауы бойынша аталмыш процедураның орындалуын жақтап отыр. Аталған елдің жоғарғы соты қазіргі уақытта Гаага қаласындағы қарттарға арналған интернатта алжудың ең асқынған түрінен зардап шегетін 74 жастағы әйелдің өз еркімен өлуіне көмектескен дәрігердің ісін қарап жатыр. Қыркүйек айында дәрігер соттың қуғындауынан босатылған болатын. Осыдан кейін бас прокуратура Жоғарғы сотқа осындай ұсыныс білдірген болатын. Бас прокурор мәлімдегендей, дәрігерлер арасында қабылданған нормаға сәйкес эвтаназия бойынша өтініш бергісі келетін пациент дәрігермен тілдесе алатын халде болуы керек. Алайда, аталған елдің заңнамасы кез келген жағдайда бұл норманың міндетті түрде орындалуын талап етпейді. Прокурордың пікірінше, науқас қалауын білдіре алатын кезде өзіне эвтаназия жасауға жазбаша өтініш берген болса, дерті жанына батып сөйлеуден қалғанда жан шыдатпайтын ауру кезінде оған эвтаназия жасауға болады. Нидерландының жоғарғы соты келесі көктемде бұл мәселе бойынша бір тоқтамға келеді.
Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:
«Енді балаларға олардың келісімінсіз эвтаназия жасау үшін күресіп жатыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/endi-balalarga-olardyn-kelisiminsiz-evtanaziya-jasau-ushin-kuresip-jatyr-12813/#gsc.tab=0)
«Қасіретті өлім тағы бір елде заңдастырылды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qasiretti-olim-tagy-bir-elde-zandastyryldy-12679/#gsc.tab=0);
«Батыстан қараңғылығын ерткен бұл құбылыс та ақырын басып, Азияға келді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/batystan-qarangylygyn-ertken-bul-qubylys-ta-aqyryn-basyp-aziyaga-keldi-9846/#gsc.tab=0)