НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті
НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті
2 жыл бұрын 1209 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kay Nietfeld / dpa / Globallookpress.com

Солтүстік Атлант альянс (саяси әрі әскери құрылым) бас хатшысы Йенс Столтенберг батыс елдерінен Қытайға тасымалданатын осы заманғы озық технология экспортын азайтып, аталған Азия елінен маңызды ресурсқа деген кіріптарлықты төмендетудің стратегиялық маңызына тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз тотолитарлық режимге тәуелді болудан қашуымыз керек», - деп мәлімдеді ол. Сондай-ақ, ол Қытай билігінің батыс елдерінен келетін технологияны батыс елдерінің өзіне қарсы пайдалануы мүмкін екенін жеткізді. Мұндай қауіп-қатерді ескере отырып, Қытайдан біржола қол үзуге болмайтынын да атап өтті. Дәлірегі, арадағы сауда-саттықты тоқтатпай, 5G секілді маңызды инфрақұрылымға бақылауды күшейтуді назардан тыс қалдырмауды талап етті. Осы орайда АҚШ тарапы Қытайда чип өндірумен айналысатын компанияларға санкция салғанын айта кету керек. Қытай да қарап қалған жоқ – америкалық Micron Technology чиптерін сатып алуға шектеу енгізді. Ол ол ма, Қытайда чип өндірісі жанданып, жаңа белеске көтерілді.

0 пікір
Мұрағат