|
NATO автономды жауынгерлік роботтарды дамытуға қолдау көрсетті
|
Солтүстік Атлант саяси-әскери одақ немістердің ARX Robotics компаниясының автономды жауынгерлік роботтарды жасау жобасына қолдау көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған компания 9 миллион еуро инвестиция алды, оның жартысынан көбі НАТО-ға тиесілі. ARX Robotics-тің бас директоры Марк Витфелдтің айтуынша, қазіргі уақытта алянс мемлекеттері роботтар соғысына дайын емес, ал еуропалық әскерге ұшқышсыз жүйелер қажет. «Бұл жүйелерді өндіру оңай, орталықтандырылмаған және маңызды мөлшерде орналастыруға жарамды болуы керек», - деді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)
■
Бүгінде Еуропадағы ең жас халық анықталды