Нарықта күлгін нан пайда болады
Нарықта күлгін нан пайда болады
2 ай бұрын 1799 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Омбы аграрлық университетінің ғалымдары жеміс ерекшелігіне ие күлгін түсті дақылдың өзгеше сортын қалыптастырды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып  мәлім етеді. Көп ұзамай жаппай пісірілетін мұндай айрықша нанды алдымен әлеуметтік мекемелер тұтынатын болады. Мұндай нан мен дақыл әдеттегі наннан осындай айрықша түске ие ететін табиғи антиоксиданттың (организмнің тез қартаюына ықпал ететін бос радикалдарпен күресетін молекулалар) мол мөлшерімен ерекшеленеді. Айта кетерлік жайт, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары Омбы мемлекеттік аграрлық университетінде бір жылдан астам уақыт бойы жүргізілді және ғалымдар өз зерттеулерінде күлгін түстерде жемістің қасиеттері кездесетінін анықтады. Оның үстіне, сәбіз, салат және картоптың құрамында осындай пигмент болуы мүмкін, алайда, бастапқыда білікті мамандар астыққа назар аударуды ұйғарды, себебі, адамдар жеміс-жидек пен көкөністерге қарағанда нанды жиі тұтынады. Омбы мемлекеттік аграрлық университетінде атап өткендей, байытылған нан мен басқа да өнімдердің дәрі-дәрмек орнына жүрмесе де жүрекке, қан тамырларына, асқазан-ішек жолдарына, тіпті, онкологияға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алудың тиімді тәсілі ретінде алға шығады. Омбы ғалымдары өсірген күлгін дәнді бидайдың сорты селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркеліп, патент алынды. РФ аймақтарының көпшілігінде өсіруге келеді және өсуі үшін ерекше жағдайды қажет етпейді.

0 пікір
Мұрағат