Наным-сенім бостандығы ұйымы балаларды таяқтап жазалауға салынған тыйымға неге қарсы
Наным-сенім бостандығы ұйымы балаларды таяқтап жазалауға салынған тыйымға неге қарсы
5 жыл бұрын 3482 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка оңтүстігіндегі наным-сенім бостандығы үшін күресіп жүрген ұйым (FOR SA) отбасында балаларды таяқтап тәрбиелеуді конституцияға қайшы деп таныған шешімді қайта қарастырудан бас тартқан конституциялық соттың шешіміне наразылық білдірді. Бұл жайында африкалық Maroela Media жаңалықтар қызметі хабар таратты. Апелляциялық сот ата-анаға баланы ұрып-соғып тәрбиелеуіне тыйым салатын, 2017 жылы Йоханнесбург қаласында қабылданған Гаутенг провинциясының жоғарғы сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. FOR SA өкілдері сот шешімімен неге келіспей отыр? Олардың айтуынша, ата-ана баласын таяқтап тәрбиелеген жағдайда қылмыскер атануы мүмкін. Сот шешіміне сәйкес. Баласын таяқтағаны үшін жазықты болған ата-ана жауапкершілікке тартылып, жазаланады. Бұл – бір. Екіншіден, баланы кейде таяқтап тәрбиелеуге тура келеді. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып, алайда, FOR SA  адвокаты Даниэл Эллербектің айтуынша,  сот шешімін ата-ананың баланы өз қалауына қарай тәрбиелеу құқығына қайшы келеді, деп есептейді. Ол ол ма, бұл сот шешімі елде қалыптасқан отбасы құндылығына кері әсерін тигізіп, қоғамның іргесін шайқауы мүмкін екенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат