Наным-сенім бойынша халық санағы жүргізіледі
Наным-сенім бойынша халық санағы жүргізіледі
5 жыл бұрын 2772 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанда 2020 жылы өтетін халық санағы кезінде жаңа сауал қойылады, дәлірегі, ел тұрғындарынан олардың қандай наным-сенімді екені сұралады.  Егер "Халық санағын өткізу туралы" заң жобасы парламент тарапынан қабылданып, президент қол қойса. Әзірге парламент ұсынған бұл бастама қолданысқа ене қойған жоқ. Өйткені, бұрын "анкетада қай дінге жататындығы" турасында сауал болмаған еді",- деп түсіндірді Тәжікстан президенті жанындағы статистика жөніндегі агенттік өкілі  Киёмиддин Дәулетзода. Бұл сауал ел тұрғындарының діни наным-сенімін анықтау мақсатында қойылатыны айтылған. Десе де аталған ел тұрғындарының 90%-дан астамын мұсылмандар құрайтыны айтылып келген болатын. Осы уақытқа дейін. Ел тұрғындарының наным-сеніміне қатысты мұндай ақпарат ел билігіне не үшін қажет болды? Мұсылмандардың нақты санын білуді желеу еткен мемлекет тарапынан жүргізілетін қадағалау шарасы үшін бе? Олай дейтінімз, соңғы жылдары шолық белсенділер аталған елде экстермизммен күресті желеу етіп, мұсылмандардың құлшылық үйлерін тойханаға, көңіл көтеретін ойын-сауық орталығына, т.б. айналдырып, сақал жібергендер мен шариғат шәлісін жамылғандарды жаппай аулағаны турасында кезінде талай хабарлаған болатынбыз. Бұдан бөлек, халық санағы кезінде мұсылмандарға қатысты сауалды нақтылай түсу керектігі турасында да айтылып жатыр, мәселен, қай мәзхабқа жататындығы немесе қай ағымның жетегінде екенін білудің маңыздылығы туралы... Бұл сауалға сәлафшы өзінің қай ағымға жататынын ашып айта қойсын. "Қараңғы үйден қара мысықты аулау" науқаны басқаша сипат алып келеді демеске әддің жоқ...

0 пікір
Мұрағат