Намибияда құрғақшылық пен ашаршылық салдарынан ет үшін 700-ден астам жабайы жануар «құрбан» болмақ
Намибияда құрғақшылық пен ашаршылық салдарынан ет үшін 700-ден астам жабайы жануар «құрбан» болмақ
3 ай бұрын 802 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Намибия 700-ден астам жабайы жануарды сойып, етін азық-түлік тапшылығынан зардап шеккен адамдарға таратуды жоспарлап отыр, өйткені, Африка құрлығының оңтүстік-батысында орын тепкен ел 100 жылдағы ең қатты құрғақшылықпен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталған елдің қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы  және туризм министрлігінің дерегіне жөн сілтеген kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 83 піл, 30 сусиыр, 60 енеке, 50 қарақұйрық, 100 көгілдір гну елігі және 300 зебра сойылатын болды. Жабайы жануарларды аулау, сою міндеттерімен ұлттық қорықтардағы кәсіби аңшылар мен қасапшылар айналысады. Бұл шара бір жағынан тапшы су ресурсын үнемдеуге де мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, құрғақшылықтан азық пен қорек іздеп елді-мекендерге шабуылдайтын пілдер тарапынан төнетін қауіптің бетін қайтаруға көмектеседі. CNN мәліметінше, Намибия мамыр айында құрғақшылықтың ауыр салдарына байланысты төтенше жағдай жариялаған. Шамамен 1,4 миллион адам - ​​ел халқының жартысына жуығы - азық-түлікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген.

0 пікір
Мұрағат