Намазхан жұртты таң қалдырды
Намазхан жұртты таң қалдырды
11 жыл бұрын 5941

Табаны күректей 16 жыл бойы Канадада қоғамдық көлікті жүргізіп келген Сурджит Сингх Вирк өмірінде жақсыны да, жаманды да көп көрді. Алайда, жуырда өзі куә болған мына көрініс оның жан дүниесіне төңкеріс жасады десе де болады.

Ол басқарған автобус салонына жүдеу-жадау ер адам мінеді. Оның аяқ киімі де жоқ, аяғын целлофанмен орап алған. Осы сәтте автобус ішіндегі әлдебір мұсылман жолаушы аяғындағы бәтеңкесі мен шұлығын әлгіге шешіп береді. «Маған алаңдама. Үйіме жақын қалды» дейді де өзі автобустан түсіп кетеді.

– Жүрегім сыздап сала берді, - деді осы көріністі  қалта телефонының камерасына түсіріп алған көлік жүргізушісі.

Артынан тілшілер әлгі мұсылманға хабарласқанында ол аты-жөнін атаудан бас тартыпты. Бір белгілісі, ол Колумбиядағы Суррей қаласының 27 жастағы тұрғыны көрінеді. Автобуспен жергілікті мешіт маңынан қайтып келе жатқан беті екен.

 

2 пікір
Мұрағат