Мысырда мешіт маңында қорқор тартуға тыйым салынды
Мысырда мешіт маңында қорқор тартуға тыйым салынды
2 жыл бұрын 1278 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: main.community

Мысыр билігі ел аумағындағы мешіттерден, шіркеулерден және оқу орындарынан бір шақырымнан аз радиуста қорқор шегуге тыйым салды. Тиісті қарарды Араб Республикасының үкіметі қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тыйым желтоқсан айының 11-нен бастап күшіне енеді. Қарарда айтылғандай, бұдан былай қорқорды тек осы мақсат үшін арнайы ашылған кафелер мен мекемелерде ғана тартуға рұқсат етіледі. Бұл ретте мұндай мекемелердің арнайы лицензиясы болуы және «ғибадат ғимараттарынан, мектептерден немесе басқа оқу орындарынан, сондай-ақ, жанар-жағармай құю стансаларынан кемінде 1 мың метр қашықтықта орналасуы керек. Қорқорды арнайы кафелерде белгілі бір шектеулі аумақта тартуы тиіс, бұдан бөлек, кафенің ауасын жиі желдетіп тұру талап етіледі. Ал қорқордың өзі жабық ғимаратта емес, ашық алаңда әзірленіп, оттан қашық жерде арнайы ыдыста сақталуы керек. Бұған қоса, қорқорды азық-түлік дүкенінде сатуға жол берілмейді. Бұл ережені бұзғандарға айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда жазасы күшейтіледі.

0 пікір
Мұрағат