Естеріңізге сала кетсек, бүгін Egypt Air компаниясының ұшағын белгісіз біреудің Кипрге күштеп қондырғанын хабарлаған едік. Артынша лайнерді АҚШ-тағы университет профессоры Ибрагим Самаха басып алған деген ақпарат тарады. ТАСС-тың хабарлауынша, ұшақты Ибрагим Самаха емес Каир университетінің профессоры Сейф ад-Дин Мустафа күштеп қондырған. Ал жуырда ғана осы ұшақтан босатылып, сыртқа шыққан жолаушылардың босатылу сәті түсірілген бейнеролик ғаламторда пайда болды. Бейнематериалды Кипр телеарналарының бірі көрсетті.
Мысырда бортында 81 жолаушысы бар ұшақты қарулы адам басып алды
|
Мысырда Александриядан Кипрге бет алған жолаушылар ұшағын қарулы адам басып алды. Ұшақты басып алған жанкештінің кім екені әзірге белгісіз.
Қазір Ларнака қаласына қонған ұшақты қарулы адам билеп-төстеп жүр. Сондай-ақ лайнер бортында бомба болуы мүмкін, - деп хабарлайды AP-ға сілтеме жасай отырып 24 арна.
Кипр полициясы ұшақты белгісіз біреулердің басып алғанын растады. Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, ұшақта 81 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.
EgyptAir әуекомпаниясына қарасты ұшақта бомба болуы мүмкін. Террорист экипаж мүшелеріне қойылған талапты орындамаса, өзін жарып жіберемін деп қорқытуда деп хабарлайды BBC.
Ұшақ капитаны диспетчерлерге бағытын өзгертетінін айтып, Кипрге аттанған.
А320 ұшағы Каирға жергілікті уақытпен сағат 7-30да қонуы тиіс болатын. Алайда, ұшақ әуеге көтерілген соң жарты сағаттан кейін байланыс үзілген. СВС мәліметі бойынша, ұшақ бортында бір ғана террорист болуы мүмкін.
Бүгінде Мысыр басшылығы ұшақты басып алған адаммен байланыс орнатуға тырысуда. Террорист ұшақтағы Мысыр азаматтарын босатып жіберген.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, А320 ұшағы Александрия мен Каир арасындағы ішкі рейстерді орындайды. Алайда, террористің талабы бойынша бағытын Кипрге өзгерткен.
Кипрдегі ұшақтан жолаушыларды босату барысының видеосы пайда болды (видео)