Мысыр Суэц каналынан 2022 жылы рекордтық табыс тапты
Мысыр Суэц каналынан 2022 жылы рекордтық табыс тапты
2 жыл бұрын 2130 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылы Мысырдағы әлемдік су жолының ең стратегиялық маңызға ие Суэц каналы 7,932 миллиард доллар мөлшерінде табыс - рекордтық табысқа қол  жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталыөз кезегінде Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усама Рәби мәлімдемесіне жөн сілтеген russian.news.cn ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш аталған мерзім алдындағы 2021 жылғы табыс деңгейі 6,333 млрд доллар болатын. 2022 жылы Суэц каналы арқылы 1,4 млрд тонна жүкті тасымалдаған 23 мыңнан астам кеме, ал алдыңғы жылы 21,7 мың кеме өткен. Сарапшылар рекордтық табыстың себебін мұнайға сұраныстың жоғары болуымен түсіндіріп отыр, өйткені, энергия, яғни, мұнай шикізаты Суэц каналы арқылы тасымалданады. Усама Рәби 2023 жылдың қаңтарынан бастап транзиттік төлемдер 10-15 пайызға өсетіндіктен, кірістің алдағы жылдары да өсетініне сенім білдірді. Суэц каналы Пирамидалар елінің ұлттық табысы мен валюта қорының негізгі көздерінің бірі болып табылады

0 пікір
Мұрағат