Мысыр шөлейт жерде ауыл шаруашылығын дамыту үшін 160 миллион доллар инвестиция құяды
Мысыр шөлейт жерде ауыл шаруашылығын дамыту үшін 160 миллион доллар инвестиция құяды
4 ай бұрын 966 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пирамидалар елінің билігі Батыс шөлейтін ауыл шаруашылығына қолайлы аймаққа айналдыру үшін «Мысыр болашағы» деп аталатын ауқымды жобасын жүзеге асыруға талпынуда. Бұл жайында islam.kz порталы  EastFruit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталмыш жоба бойынша 2030 жылға қарай 1,8 миллион гектар жер қалпына келтірілуі тиіс. Сондай-ақ, негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының импортын азайтып, жыл сайын 2 миллион тонна бидай, 180 мың тонна жүгері және 360 мың тонна қант импортын алмастырады. Сонымен қатар, билік алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 20-25 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. UkrtAgroConsult мәліметінше, жобаның жалпы құны 160 миллион доллардан асады, десе де бұл қаражат болашақта жылына шамамен 3,7 миллиард долларды үнемдеуге мүмкіндік береді. Импортты азайту есебінен. Дәлірегі, негізгі дақылдарға деген сұранысты ішкі нарықта қанағаттандыру есебінен. Жоба ауқымды болғанымен, оның кейбір қиындықтары бар. Негізгі қиындықтардың бірі – су тапшылығы. Ніл аңғарының құнарлы топырақтарынан айырмашылығы - Батыс шөлінің құмы өлкесі ежелден құрғақшылық жайлаған және қоректік заттарға тапшы келеді. Жерасты сулары жаңа егістік алқаптарын суару үшін пайдаланылатын болғандықтан топырақтың тозуына және тұздануына әкеледі. Бұдан бөлек, жоба экономикасының бір бөлігін Мысыр әскерилері бақылайды. Әскерилер елдегі өзінің артықшылығын бәсекелестерден асып түсу үшін пайдаланады. Бұл жобаның тиімділігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұған қоса, сын білдіргендер жаңа астана салу және Суэц каналын кеңейту сияқты ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың елдің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіретінін атап өтеді. Дегенмен, Мысыр халықаралық серіктестерден қомақты қаржылай көмек алды, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 35 миллиард доллар және Халықаралы валюта қоры мен Еуропалық Одақтан 16 миллиард доллар алды.

0 пікір
Мұрағат