Мысыр Қызыл теңіздегі шиеленіс салдарынан Суэц каналының кірісінің 70%-ын жоғалтады
Мысыр Қызыл теңіздегі шиеленіс салдарынан Суэц каналының кірісінің 70%-ын жоғалтады
1 ай бұрын 888 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық сауда-саттықта стратегиялық маңызға ие, Мысыр қазынасының шетелдік валюталық кірісінің негізгі көзіне айналған Суэц каналының аймақтағы геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты кірісі күрт төмендеп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық валюта қоры келтірген дерекке қарағанда Мысыр Қызыл теңіздегі шиеленістен су жолынан түсетін табысының 70%-ын жоғалтып отыр. 2023 жылдың қазан айынан бастап Израилдің әскери опреациялары жүріп жатқан Газамен ынтымақтаса отырып, Йемендегі хуситтер Қызыл теңіздегі Израилдің немесе Израилмен байланысы бар кемелерге зымырандармен және дрондармен шабуыл жасап келеді. Соның нәтижесінде Мысырға қарасты Суэц каналынан өтетін жүк кемелерінің саны көп азайып кетті. Осындай маңызды кіріс көзінен айырылған Мысырда инфляция шарықтап, биыл оның деңгйі 35%-дан асып кетті. Ал Суэц каналынан түсетін табыс өткен жылы 25%-ға кеміген – 6,6 млрд доллардан аспады.Ал бұл көрсеткіш оның алдындағы 2022 жылы 8,8 млрд долларға жеткен еді.

0 пікір
Мұрағат