Мысыр Қызыл теңіздегі әскери операциялардан қанша шығынға батқанын жария етті
|
Биыл (2024 ж.) Мысыр Қызыл теңіздегі әскери операциялардың кесірінен 7 млрд долларынан айырылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде пирамидалар елінің басшысы Әбдіфаттаһ ас-Сисидің мәлімдесінде келтірілген деректі негізген алған Reuters ақпарат ресурсына жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысыр өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда халықаралық сауда жолынан (Суэц каналы) түсетін табыстың 60 пайызынан айырылған. 2023 жылдың бас кезінен бері хуситтер Қызыл теңізде және Аден шығанағында шетелдік танкерлерге 100-ден аса шабуыл жасаған екен. Палестинаға қолдау көрсету мақсатында. Хусиеттер тарапынан төнген қауіп-қатерге байланысты Maersk және Hapag-Lloyd секілді аса ірі кеме компаниялары бағытын өзгертіп, Африка құрлығын айналатын су жолын таңдауға тура келген еді.