Мысыр мен ЕО 49 миллиард еуроны құрайтын 30-ға жуық келісімге қол қойды
Мысыр мен ЕО 49 миллиард еуроны құрайтын 30-ға жуық келісімге қол қойды
5 ай бұрын 622 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр премьер-министрі Мұстафа Мадбули инвестициялық жиын барысында Еуропалық Одақ компанияларымен құны 49 миллиард еуро болатын 30-ға жуық келісімге қол қойғандарын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пирамидалар елінің астанасында – Кайыр қаласында өткен шарада тараптар ЕО-ның Мысырға бір миллиард еуро мөлшерінде транш бөлуі туралы келісімге қол жеткізді. Мысыр премьер-министрі бірқатар салада, соның ішінде жасыл сутегі, электрмен жүретін көлік өндірісі және ақпараттық технологиялар бойынша келісімдер жасалғанын атап өтті. Осылай деген ол арадағы келісімдер Мысыр экономикасында шетелдік инвестицияның ұлғаюына және елдегі жұмыс орындарының көбеюіне ықпал ететінін алға тартты. Осы тұста наурыз айының орта шенінде Мысыр президенті Әбдіфаттах әл-Сиси ел экономикасын қолдау үшін Еуропалық Одақтан шамамен 7,4 миллиард еуро келетінін мәлімдегенін айта кетпекпіз. Оның 5 миллиарды несие ретінде бөлінеді.

0 пікір
Мұрағат