Мысыр кәрі құрлықты жаңғыртпалы энергиямен қамтамасыз етпек
|
3 ГВт болатын жаңғыртпалы энергияны жеткізетін, GREGY теңіз астынан тартылатын кабел Мысырдың солтүстігінен Аттикаға, Грекияға дейін созылады. Бұл жайында islam.kz порталы goodnewsnetwork.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кабелдің пайдалану мерзімі сегіз жылға шақталған. Мысырдан энергияның үштен бірі Грекияның ауыр өнеркәсібіне жеткізіледі, ал тағы үштен бір бөлігі ортақ желі арқылы Еуропаның басқа елдеріне, Болгария мен Италияға экспортталады. Соңғы үштен бір бөлігі жасыл сутегі өндірісіне кетеді. «Грекия арқылы Еуропаға 3 ГВт таза энергияны жеткізу арқылы біз Еуропаға ресейлік қазба отындары мен табиғи газдан бас тартуға көмектесеміз. Сонымен қатар, біз тасымалдайтын жасыл энергия энергияның бүгінгі бағасынан әлдеқайда арзан болады. Бұл грек және еуропалық тұтынушыларға да көмектеседі», - деді Renewables Copelousos Group бас директоры Иоаннис Каридас. Бұл жаппай декарбюризациялау әрекетін Мароккодан Девонға (Ұлыбритания) жалпы ұзындығы 3700 шақырым және қуаты 10 ГВт болатын ұқсас суасты кабелін жүргізетін XLinks Марокко-Британдық энергетикалық жобасы қолға алды. Мысыр аумағындағы күн батареялары қазіргі уақытта Ливиямен және Суданмен бірге Оңтүстік-Шығыс Еуропаға жаңғыртпалы энергияның ең ірі экспорттау көзіне айналуда. Пирамидалар елі тек мұсылман әлемінде ғана емес, сонымен қатар, жаңғыртпалы энергияны экспорттайтын әлемдегі санаулы елдердің бірі.