|
Мысыр Жерорта теңізінен аса ірі газ кенішін тапты
|
Мысырдың мұнай және минералды ресурстар министрі Тарық әл-Молланың мәлімдеуінше, мысырлық мамандар Жерорта теңізінің шығысынан аса ірі газ кенін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа ұңғымадағы көгілдір отынның алдын ала болжанған қоры кем дегенде 100 млрд текше метр болады. Газ кен орны Нарғыз блогынан табылғаны айтылған - Chevron және Tharwa Petroleum операциялық үлесіне иелік ететін төрт теңіз барлау блогының бірі. Бұл табылған кен орны Мысырдың 2015 жылы Eni ірі Zohr газ кен орны ашылғанын жариялағаннан кейін Жерорта теңізінің шығысындағы энергетикалық хаб ретінде әрекет етуіне мүмкіндік бермек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...