Мысыр халқы туу көрсеткішінің азайғанына қарамастан 108 адамнан асты
Мысыр халқы туу көрсеткішінің азайғанына қарамастан 108 адамнан асты
2 ай бұрын 637 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың қазан айының 15-і күнгі дерек бойынша Мысыр халқының саны 108,25 млн адамға жеткен. Бар-жоғы соңғы 60 күнде, яғни, айналдырған екі айда 250 мың адамға көбейген. Бұл жайында islam.kz порталы arab.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сандар нені білдіреді? Аталған араб елінде күн сайын 4000-нан аса жан басының қосылғанын білдіреді. Өткен жылы (2024) жаңа туған шараналар қарасы 1,9 млн-ға дейін азайған, ал туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,5-ке дейін құлдыраған. Алайда, тұрғындар санының көптігі демографиялық кері құбылысқа пропорционалды әсер етіп отыр: жалпақ тілмен айтқанда, көп – көптігін істейді, туу көрсеткішінің төмендеу әсерін «жуып-шайып» кетіп жатыр. Халық санының көптігі Пирамидалар елінің, тіпті, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген факторлардың біріне айналған. Өйткені, инфрақұырылым мен ресурсқа орасан зор салмақ салып отыр. Бұл тығырықты ел тұрғындарының орналасу тәртібі одан ары тереңдеткен: ел аумағының тек жеті пайызын ғана құрайтын Ніл өзенінің жағалауы мен маңында шамамен 80 млн адам қоныстанған. Бір ғана ел астанасы – Каир қаласында 10,5 млн халық тұрады, Ал Гизада 9,8 млн адам өмір сүріп жатыр. Осы орайда осыдан екі жыл бұрын мысырлықтар демографиясына қатысты сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған мәліметімізде ел тұрғындарының қарасы 8 ай ішінде 1 млн адамға көбейгенін жазғанымызды хабарлаймыз (қараңыз: Мысыр халқы 8 ай ішінде бір млн адамға көбейген)

0 пікір
Мұрағат