Мысыр билігі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын неге жапты?
Мысыр билігі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарын неге жапты?
7 жыл бұрын 2463 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі 21 ақпарат сайтын, соның ішінде, әлемге әйгілі "әл-Жазира" телеарнасының сайтын да бұғаттады. Терроризм мен экстремизмді насихаттайды әрі жалған ақпарат тарады деген желеумен. Бұл жайында "әл-Йаум ас-Сабиа" ақпарат көзі елдің арнайы қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің хабарына қарағанда, "әл-Жазира" телеарнасының бюросы билік басына Әбдіфаттах ас-Сиси келген тұста, осыдан төрт жыл бұрын жабылып қалған болатын. Мысыр билігінің бұл қадамын сарапшылардың бірқатары сөз бостандығын шектеу арқылы ас-Сисидің өз билігін бекем етуге бағытталған десе, енді біреулері елдегі толқулардың алдын алу үшін жасалған деп бағалап отыр. Десе де мысырлықтар "әл-Жазира" телеарнасының хабарларын тыйым салынбаған ғаламтордағы арнайы бағдарламалар мен спутник арқылы көріп келеді. 

0 пікір
Мұрағат