Мысыр бала санын шектеу саясатын енгізуі мүмкін
Мысыр бала санын шектеу саясатын енгізуі мүмкін
1 жыл бұрын 1126 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр тұрғындары әлем бойынша ең шапшаң көбейіп келе жатқан халық. Демографиялық ахуал өз кезегінде ел экономикасына салмақ салып отыр. Соның ішінде әлеуметтік төлемдер шығын артып, жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға көтеріліп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты пирамидалар елі демографиялық тежеу саясатын қолға алуы мүмкін. Дәлірегі, Мысыр президенті ӘбдіФатттах ас-Сиси осынау араб тілді елдің демографиялық тежеу саясатында Қытайдың «Бір отбасы – бір бала» саясатын үлгі етіп отыр. «Жылына 400 бала дүниеге келсе де жетіп жатыр»,- деп мәлімдеді халқының қарасы 105 млн адамнан асқан ел көшбасшысы. Бұлай дейтіні, өткен 2022 жылы аталған елде 2,2 млн бала дүниеге келген екен. Десе де Мысырдың денсаулық сақтау министрі Халид ӘбдіҒаппар кім қанша перзент сүйемін десе, оның өз еркі, яғни, «балалы болу – адамдардың бостандығының мәселесі» деп өз уәжін білдірді. «Мен сіздің бұл ойыңызбен келісе алмаймын, проблеманың ауқымын түбегейлі түсінбейтін адамдарға мұндай еркіндік не береді? Айналып келгенде, бүкіл қоғам, күллі Мысыр мемлекеті зардап шегеді. Сондықтан мұндай еркіндікті қолдан ұйымдастыруымыз керек, әйтпесе бұл апатқа соқтырады», - деп мәлімдеді Мысыр басшысы. ӘбдіФатттах ас-Сиси осылай дей келе Қытай билігінің 1968 жылы «Бір отасы – бір бала» саясатын енгізіп, тек 2015 жылы бір отбасына екінші рет перзент сүюіне ресми рұқсат бергенін алға тартты.

Ұқсас материалдар:

"Халқы көп мұсылман елінің неке, ажырасу және туу көрсеткіштері жарияланды" (https://islam.kz/kk/news/alem/halqy-kop-musylman-elinin-neke-ajyrasu-jane-tuu-korsetkishteri-jariyalandy-19038/#gsc.tab=0);

«Мысыр халқы 8 ай ішінде бір млн адамға көбейген» (https://islam.kz/kk/news/alem/mysyr-halqy-8-ai-ishinde-bir-mln-adamga-kobeigen-18738/#gsc.tab=0);

«Араб әлемінде халқының саны бойынша бірінші орынға шыққан ел» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/arab-aleminde-halqynyn-sany-boiynsha-birinshi-orynga-shyqqan-el-13173/#gsc.tab=0);

«Мысыр халқы шапшаң көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/mysyr-halqy-shapshan-kobeiip-keledi-5963/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат