|
Мысыр аса құнды, стратегиялық активінсіз қалуы мүмкін
|
Ирак құны 17 млрд долларға бағаланған ауқымды инфрақұрылымдық жобасын қолға алады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Iraq–Europe Development Road («Ирак-Еуропа даму жолы») деп аталатын жоба турасында сөз болып отыр. Аталмыш жоба Ирак аумағындағы әл-Фау айлағын Түркиямен және Еуропамен байланыстырады. Бұл жоба Таяу Шығыстағы ең маңызды стратегиялық аймаққа жататын, Мысыр экономикасындағы маңызы зор (Пирамидалар елі бюджетінің шамамен жеті пайызы) Суэц каналына балама бола алатын жоба. Дегенмен, бұл жоба Ирактың саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне байланысты жүзеге асатынын айта кетпекпіз. Бұл бағыттағы бастама Парсы шығанағынан кәрі құрлықққа тауар тасымалдауға болатын дәлізді қамтиды. Тауарлар Ирактың оңтүстігінде орын тепкен әл-Фау айлағынан жөнелтіледі. Ирак көлік министрлігінің сыртқы байланыстар және коммуникациялар департаментініңжетекшісі Мейсам ас-Сафидің айтуынша, жоба алты әуежайды біріктіреді - үш әуежай мен жазда ашылған Мосул әуежайын қоса алғанда, үш жаңа әуежай. Жаңа жол 15 өнеркәсіптік қаланы байланыстырады. The Wall Street Journal мерзімді басылымы атап өткендей, Ирак Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдарының ортасында стратегиялық тұрғыдан маңызды өңірде орналасқан. Бір кездері Бағдад Ұлы Жібек жолының бір бөлігі болған. Алайда, соңғы ондаған жылдарға созылған соғыстар мен қарулы қақтығыстар елдің инфрақұрылымын бүлдіріп кетті. Егер бұл жоба жүзеге асса, Ирак халықаралық сауда-саттықта маңызды ойыншыға айналады. Таяу Шығыстағы шиеленіскен ахуалға байланысты Суэц каналы Йемендегі хуситтердің әрекетінен қауіпті бағытқа айналған. Бұл жайт өз кезегінде қауіпсіз баламаны іздеуге итермеледі. Құрлықпен жүк тасымалдаудың маңызы артты. Бурак Йылдырым есімді түрік сарапшысы былтыр Уилсон институтында жаңа жол Суэц арнасы арқылы өтетін теңіз бағытымен салыстырғанда жүкті жеткізу уақытын шамамен он күнге қысқартуға мүмкіндік беретінін жазған болатын. Осылай деген ол Ирак еуропалық кеден одағына кірмегендіктен, осы ел арқылы сауда процедуралары оңай өтетінін және арзанға түсетінін атап өтті. Жобадан түсетін кіріс жылына миллиардтаған долларға жетуі мүмкін. Бұл Иракқа мұнай бағасына тәуелді емес саладан пайда табуға мүмкіндік береді. Жаңа инфрақұрылым құрлысы 2050 жылға дейін толыққ аяқталуы тиіс. Жоспар бойынша.