Мысықтар жапон аралын «басып алды»
Мысықтар жапон аралын «басып алды»
10 жыл бұрын 7696

Аошима аралы – мысықтарымен аты шыққан шағын арал. Бұл аралда бар-жоғы 22 адам тұрады. Есесіне мысықтардың қарасы адамнан көп. Және жылдан жылға көбейіп келеді. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары бұл аралда 900-ден аса адам тұрған екен. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тұрғындардың көбі жұмыс іздеп, Жапонияның әр түкпіріне кеткен. Қазіргі уақытта мысықтар аралында 22 зейнеткер ғана тұрады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аталмыш аралда мысықтар осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни, тұп-тура елу жыл бұрын қаптап кеткен тышқандардың көзін жою үшін әкелінген. Тышқандар осы аралдың бірден-бір күнкөріс құралы болып табылатын балықшылардың ауын бүлдіріп кете беретін болған соң аралға жиырмадан аса мысық алдыртқан. Мұнда мысықтарды көру үшін арнайы алыстан ат басын бұрып келетін туристердің қарасы көп. Бұл жайында  Mirror ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат