Мына араб елінде тұңғыш рет атом электр стансасы ашылады
Мына араб елінде тұңғыш рет атом электр стансасы ашылады
5 жыл бұрын 2462 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен араб әмірлігінің бұқаралық ақпарат құралдары ел аумағында биылдан бастап, яғни, 2020 жылы тұңғыш рет атом электр стансасы жұмысын бастайтынын жарыса жазып жатыр. «әл- Иттихад» ақпарат көзінің мемлекеттік Emirates Nuclear Energy Corporation (ENEC) корпорациясындағы ресми дерек көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, көп ұзамай Барактағы АЭС-тің алғашқы реакторы пайдалануға сынақтан өтеді. Бұдан бөлек, аталған елдің атом энергетикасы жөніндегі федералды органынан лицензия алады. ENEC-тің шенді қызметкерлерінің айтуынша, ел билігі атом электр стансасының екінші реакторын да сынақтан өткізуге дайындалып жатыр. «Бұл қадам – күллі араб әлеміндегі ядролық энергия саласындағы бейбіт операцияның бастауы болмақ»,- деп мәлімдеді аталмыш компания өкілдері. Аталған ел аумағындағы тұңғыш АЭС өндіріс қуаты 5600 мегаватты құрайтын әлемдегі аса ірі төрт реакторлы атом электр стансасы. Сөз орайы келгенде мынадай мәлімет келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: Біріккен араб әмірлігінің астанасы Әбу-Даби әлемдегі барланған мұнай шикізатының шамамен алты пайызына ие әрі мұнайдан түскен табыс негізгі табыс көзі болып табылады. Аймақтағы өзге елдер секілді аталған араб елі де өздерінің энергетика саласын әртараптандыруға, яғни, баламалы энергия көздерін дамытуға күш салып жатыр. Саудия да, Мысыр да халық санының артуына әрі өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты ядролық жобаға көшетіндерін жария еткен болатын.

0 пікір
Мұрағат