Мьянма билігі рохиньялық мұсылмандардың басындағы жағдайды тексеруге келген БҰҰ өкілін ел аумағына аттап бастырмады
Мьянма билігі рохиньялық мұсылмандардың басындағы жағдайды тексеруге келген БҰҰ өкілін ел аумағына аттап бастырмады
7 жыл бұрын 3485 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мьянмадағы Ракхайн штатында тұратын, осы елдегі азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың будда радикалдары және билік тарапынан кемсітушілікке және қуғын-сүргінге ұшырағанын тексеруге келген Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі кеңесінің арнайы миссиясы мүшесінің ел аумағына кіруіне тыйым салды. Бұл жайында Myanmar Times ақпарат көзі Мьянманың сыртқы істер министрінің орынбасары У Чжо Тинге сілтеме жасай отырып, мәлім етті. Мьянма билігі рохиньялық мұсылмандардың басындағы жағдайды өздері тексеретінін алға тартып отыр. Айта кетейік, осы елдің байырғы тұрғындары болса да, яғни, өз атамекенінде отырса да ат төбеліндей аз ғана рохиньялық мұсылмандар әлі күнге азаматтық ала алмай отыр. Азаматтығы жоқ адам білім алудан, медициналық қызметті пайдаланудан, жұмысқа тұрудан, жәрдемақы алудан, т.б. мемлекет тарапынан көрсетілетін игіліктерден қағылып отыр. Бұған қоса, будда радикалдары зорлық-зомбылық көрсетуде. Будда радикалдарының рохиньялық мұсылмандарға көрсеткен жәбір-жапасына көз жұма қараған биліктен қайыр болмасын түсінгендері бас сауғалағанымен оларды жол-жөнекей контрабандамен айналысатындар басынып, құлдыққа сатуда. 



0 пікір
Мұрағат