|
Мұсылмен елі криптовалютамен сауда жасауға тыйым салды
|
Катарда криптовалютамен сауда жасауға салынған тыйым қолданысқа енді. International Investment ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, Катардың қаржы орталығын мемлекеттік бақылау және реттеу жөніндегі орталығы осындай шешім қабылдаған. Аталмыш тыйым криптовалютаға фиатты валютаны (алтынмен немесе қандай да бір асыл таспен қамтамамыз етілмеген, мемлекет бұл ақшаның қандай материалдан жасалғанына қарамастан атаулы бағасын белгілейтін әрі кепілдік беретін ақша), криптовалютаны өзара айырбастауға, криптовалютаны беруге, цифрлы активтердің сақталуын қамтамасыз етуге, т.б. қаржылық қызметтермен байланысты операцияларды жүргізуге де қатысты. Мұндай тыйымның не үшін салынғаны айтылмаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)