|
Мұсылманның қанын мойнына жүктеген қылмыскер түрмеде де тойлап жатыр
|
Шаңырақ көтергеніне көп уақыт өте қоймаған мұсылманның қанын мойнына жүктеп, 24 жылға бас бостандығынан айырылған 31 жастағы Лайам Уитнелл есімді қылмыскер Лондон түрмесінде туған күнін ас та төк тойлап, суретін әлеуметтік желіге орналастырған екен. Оның бұл ессіз қылығы қайғыдан қан жұтып жұтып, қара жамылып отырған марқұмның туыстарына ауыр тиді. Дәлірегі, 24 жастағы жас жігіттің өмірін қиған қылмыскер жазасын өтеп жатқан жерге мейрамханадан фирмалық халуа мен кебаб алдырып, түрмеде емес, дәп бір туған әкесінің шаңырағында жүргендей тайраңдаған көрінеді. Осыдан жарты жыл бұрын отау құрған тегі бангалдештік Коушар Хұсейн тірі жанға тілдей зиян, қылдай қиянат көрсетпеген аса сабырлы, момын адам болған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды