Мұсылмандарға теріс көзқарас теңсіздікті тудыруда
Мұсылмандарға теріс көзқарас теңсіздікті тудыруда
3 жыл бұрын 2132 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Финляндияның әділет министрлігі мен адам құқығы жөніндегі орталық жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінен ел тұрғындарының этно-діни азшылықты құрайтындарға қатынасын айқындап берді. Бұл жайында islam.kz порталы финдердің Helsinki Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған зерттеу барысында байырғы халық өкілдерінің, яғни, финдердің көбісі сығандармен және тегі сомалилік азаматтармен бір көшеде көрші тұруға мүлдем қарсы екенін жеткізген. Респонденттердің жартысынан көбісі, яғни, 53%-ы сығандарды көрсе өзін айсыз сезінетінін алға тартқан. Сондай-ақ, әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың дені тек сығандармен ғана емес, сонымен қатар, мұсылмандармен де бас қосып, үйленуге құлқы жоғын жеткізген. Салыстыру үшін финдер мұсылмандармен немесе сығандармен көңіл жарастырғанша, мүмкіндігі шектеулі жандармен немесе иудейлермен үйленгенді қолай көретінін алға тартқан. Керісінше бұл әлеуметтік зерттеу кезінде араб тілінде сөйлейтін азшылық күнделікті өмірінде, қоғамдық орындарда діни және нәсілдік кемсітушілікке жиі ұшырайтынына шағымданған.

0 пікір
Мұрағат