Мұсылмандарға қарсы репрессиялық шаралар қолданыла бастады (видео)
Мұсылмандарға қарсы репрессиялық шаралар қолданыла бастады (видео)
7 жыл бұрын 3999 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондон қаласында күн жылыда жылы киінудің өзі қатерлі сипат алып барады. Нақтырақ айтқанда, ашық-шашық киінбегендерді лаңкестікпен байланыстыратын билік өкілдері заңсыздыққа жол беріп отыр. Жаз мезгіліне сай киінген әйел (артынан белгілі болғандай, полицияның шенді қызметкері болып шықты) көшеде кетіп бара жатқан мұсылман жігітті тоқтатқанымен қоймай, жолынан қалдырған. Тарқатып айтқанда, жұма намазына асығып кетіп бара жатқан жігітке жақындаған сәтте форма киген екі полиция қызметкері де жетіп келген. Олар ай-шай жоқ, адамның ақылына сыймаймын, көңіліне қонбайтын, яғни, адамның күлкісін келтіретін сауалдар қойған: 25 градус жылы ауа райында водолазка мен оның сыртынан футболка және қалтасы бар жилет киіп алдың деп, сауал қойған. Мұнымен ғана шектелмей, ордерсіз тұтқындап, яғни, ел көзінше қолына кісен салып, қойны-қонышын тінткен. Тапа-тал түсте орын алған бұл келеңсіз жайтты сол маңнан өтіп бара жатқан өзге мұсылман таспаға тартып алған екен. "Полиция мен қару алып жүрді деп, жалған айыптады. Олар мені тінткенімен әдеттегідей ештеңе таба алмады. Олар менің туған күнімді, мекен-жайымды, аты-жөнімді жазып алған соң ғана барып жіберді",- деді полицияның заңсыздығынан зардап шеккен жәбірленуші.

 

0 пікір
Мұрағат