Мұсылмандарға жасалған геноцидті еуропалық ел мойындады
Мұсылмандарға жасалған геноцидті еуропалық ел мойындады
2 жыл бұрын 1624 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австрия парламенті 1995 жылы Сребреница қаласында орын алған қанқұйлы қасіретті, дәлірегі, 8000 славян мұсылманның өлімін бірауыздан геноцид деп таныды. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай Австрия Балқан түбегіндегі осынау қырғынды жария түрде жоққа шығарғандардың әрекетін айыптайтын болады. Сребреницадағы геноцид туралы қарардың Австрияның Әділет министрі Алма Задиктің өткен аптада Босния және Герцеговинаға сапарының қорытындысы бойынша қабылданғанын айта кету керек. «Генерал Ратко Младич бастаған босниялық серб әскерлері Серб Республикасы Президентінің бұйрығымен қаланы басып алды. Алдағы бірнеше күнде серб сарбаздары, жалдамалылар мен полиция жергілікті халықты қырғынға ұшыратты», - деп мәлімдеді Алма Задик. Бұл қанды қасапта Фатима Мухич есімді қыз шарана ең жас құрбан болғанына қарамастан негізінен еркек кіндіктілер мен ұл балалар өлтірілген еді. «Сонымен бірге, аумақты этникалық тазарту кезінде 30 мыңға жуық әйелдер мен балалар қаладан күштеп шығарылды. Осылайша, бұл оқиғалар Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр әскери қылмысқа айналды», - деді министр. Тарихқа сәл шегініс: 1995 жылы Югославия аумағын шарпыған азаматтық соғыс кезінде, дәлірегі, сол жылдың шілде айында тегі славян 8000-нан аса мұсылман діни алалаушылыққа ұшырап, сербтердің күштік құрылым тарапынан қырғынға ұшыраған болатын. 1995 жылы бұл қасіретті Халықаралық трибунал геноцид деп ресми таныған еді.  

0 пікір
Мұрағат