|
Мұсылмандарға ДНҚ анализін тапсыру қажет
|
Үндістанда социалистік партияның атынан парламенттік сайлауға түскен Әбу Асим Азми мырза Халилабад қаласында сайлаушылары алдында сөйлеген сөзінде: «Өз партиясына дауыс бермеген мұсылмандарға ДНҚ анализін тапсыру қажет» дегенді айтты.
Ол, тіпті, өзінің партиясына дауыс бермеген мұсылманды «мұсылман» деп есептемейтінін ескертті. Яғни, Әбу Асим Азми мырза өзінің ислам дінін ұстанатынын алға тартып, бәлсінгені былайғы жұрттың арасында кәдімгідей дүрбелең тудырды. Тіпті өз партиясына дауыс бермеген мұсылманды автоматты түрде оңшыл радикалды үндістердің қатарына жатқызатынын айтып, мұсылманға тән емес қылық көрсетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)
■
Жасанды зерденің болашаққа қатысты болжамы
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Ауғанстан шетелдіктерге 10 жылға дейін тұруға виза рұқсат береді