|
Мұсылмандарға арналған халал браузер іске қосылды
|
Малайзияда, тек аталған елде ғана емес, сонымен қатар, исі мұсылман үшін тұңғыш рет контентті шариғат талабына сай сүзгіден өткізетін браузер іске қосылды. SalamWeb деп аталатын қосымша сүзгінің бірнеше сатысынан тұрады. Яғни, мұсылмандардың ар-намысына тиетін контентті, сондай-ақ, құмар ойындар мен порнографияны насихаттайтын материалдарды бұғатайды. Бұдан бөлек, бұл браузер намаз оқу уақытын еске салып тұрады. Бұл жайында әлемге әйгілі Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Қазіргі уақытта бұл қосымша Малайзия мен Индонезия мұсылмандарына бағдарланған. Болашақта әлем мұсылмандарының 10 пайызын қамтиды. Бұл жөнінде Salam Web Technologies өкілі Хасни Зарина мәлім етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады